Алматы. 1 сәуір. ҚазТАГ – Алматы полициясы қазақстандық жүзгіш, олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен.
«Алматы қаласының қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері Алмалы ауданының полиция басқармасының шұғыл қызметкерлерімен бірге 1986 жылы туылған В. есімді азаматын ұстады, ол бұған дейін мүліктік қылмыс үшін үш рет сотталған», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Ақпарға сәйкес, күдікті бір жерде жасаған екі ұрлығын бірден мойындады. Осы қылмыстық істер бойынша заттай айғақтар күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тәркіленген.
«Аталмыш деректер ҚР ҚК 188 б. бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Күдіктінің іс-әрекеттері бейнебақылау камерасына түсіп қалған», - делінген баспасөз парақшасында.
Алматы полициясы Баландиннің көлігінің айнасын ұрлаған күдіктіні ұстады
