Алматы. 11 маусым. ҚазТАГ - Алматы полициясы белгілі айтыскер Ринат Заитовтың ұсталуына түсінік берді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Алматы қалалық полиция департаменті азамат Р.Зайытовтың кеше түстен кейін қаланың Алатау ауданында орын алған заңсыз шеруге қатысқаны үшін полицияға жеткізілді. Түсіндіру әңгімелесуі жүргізілгеннен кейін азамат Р.Зайытов үйіне жіберілді. Біраз уақыт өткеннен кейін полиция департаменті ғимаратының алдына азамат Р.Зайытовпен кездесуді қалаған азаматтар жиналды. Оларға Р.Зайытовтың үйінде екендігі айтылды. Бірақ жиналғандар тарамай қойды», - деп хабарлады сейсенбіде Алматы ПД баспасөз қызметінен.
Полицияда нақтылағандай, жиналғандардың мұнан арғы әрекеттері жаппай тәртіпсіздікке ұласып кетуі мүмкін екендігін ескеріп, құқық қорғау органдарының талабымен азамат Р.Зайытов адамдар жиналған жерге жеткізілді және ол олардың алдында сөз сөйлеп, заңды бұзбауға, құқық қорғау органдарының заңды талабын орындауға шақырды.
«Аталмыш дерек прокуратура органдарының бақылауында», - деп хабарлады Алматы ПД-нен.
«ҚазТАГ» ХАА хабарлағандай, 10 маусымда белгілі қазақстандық айтыскер Ринат Заитов өзінің партиясын құратыны туралы мәлімдеді. Кейін оны ұстап әкетті.
Кейінірек хабарлағандай, Алматы Әуезов ауданы АІІБ –не үш жүк көлігі мен бір автобус толы ҚР Ұлттық гвардия әскері келді, сол жерде жүрген адамдарың айтуынша, ол жақта Ринат Заитов болуы мүмкін.
Кешірек Заитов видеомен мәлімдеме жасады, мәлімдемесінде барлық жиналғандарды үйлеріне қайтуға шақырды.
Сонымен қатар, Алматыда «Целинный» кинотеатры жанында жиналғандар Ринат Заитовты босатуды талап еткен, ол сосын жиналғандарға келіп, барлығын үйлеріне қайтуға шақырған.
Кейін белгілі болғандай, Заитовтың табынушылары жиналған «Целинный» кинотеатры жанынан қозғалған бірнеше ондаған машинадан тұратын автоколонна Төле би көшесінен белгісіз бағытта кеткен.
Автоколоннаны кейін полицейлер көлігі– ҚР Ұлттық гвардия әскері мінген шамамен 10 машина мен жүк көлігі қуып жеткен. Автоколоннаға , хабарланғандай, ҚР Ұлттық гвардия әскері мінген бірнеше жүк көлігі қосылған. Төле би көшесімен жылжып келе жатқан Ринат Заитовтың табынушылары мінген бірнеше ондаған машинадан тұратын автоколоннаны полицейлер машинасы қуып жеткен, ал олардың бір бөлігі Сайранда тоқтаған.
Кейін хабарлағандай, ШӘАЖ және басқа да әскерилер адамдарды автовокзал ауданында жаппай ұстап жатыр. оқиға орнында, хабарланғандай, мобильді интернет сөндірілген, ұялы байланыс қызметінде іркіліс байқалуда. «Сайран» ауданында бір журналист соққыға жығылған. Сондай-ақ, хабарланғандай, полиция Абай мен Шагабутдинов көшелерінің қиылысында күзетті күшейтуге ниетті.
Жалпы «Сайран» ауданына шамамен 100 шақты адам шыққан, олардың көбі ұсталған. Белгілі болғаны бейбіт тұрғындардың бір бөлігі топ болып Абай көшесімен жүріп барады. Олардың саны шамамен 500 адам. Олар автовокзалға қарай бет алған.
Кейбір ақпар бойынша, хабарланғандай, қазір Алматы аудандарындағы барлық полиция басқармалары толық. Кейбір ақпар бойынша, ұсталғандардың кейбірін әскерилер қала полициясы департаментінің көлік шаруашылығына жабуға тырысуы мүмкін.
Сондай-ақ, хабарланғандай, әскерилер Сайран көліне жақын Абай мен Төле би арасындағы барлық кварталды жауып тастаған, қаумалап ұстау басталды.
Агенттік тілшісі «ҚазТАГ» ХАА-ның Facebook парақшасында тікелей түсірілім жүргізді.
Еске салсақ, 9 маусымда Қазақстанда сайлау учаскелеріндегі көптеген бұзушылықтар мен Нұр-Сұлтан мен Алматыда митингке шыққандардың жаппай ұсталуы фонында президент сайлауы өтті. Митингтер 10 сайлауда да жалғасуда.
Сондай-ақ, бұған дейін хабарланғандай, полиция Алматыда Ескі алаңда митингке шыққан ондаған адамды ұстаған. Бәрін түгелдей ұстап жатыр – соның ішінде қарттар мен әйелдер де бар. Кейбір ұсталғандар өздерінің сайлау учаскелеріне қарай бара жатқандарын, жәй қастарынан өткендерін мәлімдеуде, алайда полиция оларды тыңдамаған. Ұсталғандардың енді бір бөлігі әскерилерге белсенді түрде қарсылық білдіруде. Митингке шыққандар Панфилов пен Төле би көшелерінің қиылысына шегіндіріліп тасталған. Полиция тіпті кездейсоқ өтіп бара жатқандарды да ұстап жатыр. Сонымен, аздаған тыныштықтан кейін өтіп бара жатқан бір адамның ұсталуы митингке шыққандардың ашу-ызасын қайта тудырды, тағы да жаңадан адамдар ұсталды. Оқиға орнында мобильді интернет өшіп қалды, ұялы байланыс та іркіліспен жұмыс жасауда. Атап өтілгендей, ұсталғандарды қаланың әр түрлі аудандық полиция басқармасына алып кетіп жатыр, тек Наурызбай ауданындағы ПБ ғана әзірге бос тұр, оны ҚазТАГ ХАА белгілі болғандай, «резервке» ұстап отырса керек.
Ескі алаң ауданын қоршауға алуға полиция, ШӘАЖ және камуфляж бен беттеріне бетперде киген, қолдарында шоқпарлары мен қалқандары бар адамдар жұмылдырылған
Сонымен қатар, Алматыда Ескі алаң ауданындағы жексенбі күнгі митинг туралы хабар таратумен айналысқан бірқатар БАҚ қызметкерлерінің хабарлауынша, полицейлер «Азаттық радиосының» журналисі Петр Троценконы, HOLA News фото тілшісі Айнур Халлиоллаеваны, Vласть интернет-журналының режиссері және шолушысы Катя Суворованы, саясаткер Димаш Әлжановты ұстаған. Кейін белгілі болғандай, кейбір журналистерді босатқан. Одан басқа «Франс-Пресс» (Agence France-Presse, AFP) агенттігінің журналисі Крис Рикклтон Алматыда полицейлердің ұстауы барысында көзін көгертіп алған.
Нұр-Сұлтанда қалқандары бар әскерилер «Жастар» Жастар сарайы ауданын қоршауға алған. Сейфуллин көшесінен Абай көшесіне дейін, Республика даңғылы толығымен полицейлермен жабылған. Абай даңғылы бойында да полицейлер қоршауы тұр. Жастар сарайы ауданын да полиция толық қоршап алған, оларды жағалай көптеген полиция автобустары тұр. Прлицейлердің бір бөлігі оқ өтпейтін кеудеше, қорғаныс каскасын киіп, қалқандармен, автоматпен және шоқпармен қаруланған. Республика сарайы алдында митингке шыққандар саны шамамен екі жүздей, ал әскерилердің саны бұдан да көп. Қарапайым азаматтарды оқиға орнында бірден ұстап, автобустарға әкетуде. Тіпті полицейлердің күш қолданып жатқандары туралы да айтылуда, бірақ полицейлер ондай видеоның барына қарамастан күш қолданғандарын жоққа шығаруда.
Көптеген бұзушылықтар Алматы облысында да тіркелді, ол жерде бақылаушылар бір сайлаушыға екі бюллетень берілгенін байқаған. Сонымен қатар, «Ақиқат» ҚСДП бақылаушылары қосымша тізім бойынша дауыс бергендерді байқаған. Сондай-ақ, Алматыдағы сайлау учаскесінде 100-ге жуық студенттің тұрғылықты жері көрсетілместен, өзі қарамайтын сайлау учаскесіне келіп дауыс бергендері тіркелген. Бұзушылықтың тағы бірі журналистер мен бақылаушылардың айтуынша, дауыс беру құпиялылығының сақталмауы. Бұдан басқа бақылаушылардың өздерінен де көптеген арыз-шағымдар түсуде, олардың айтуынша, сайлау учаскесінің қызметкерлері олардың жұмысына кедергі келтіріп жатыр екен. Ал Алматыда бақылаушыға тіпті шабуыл да жасалған. Көрсетілген осындай бұзушылықтан басқа, видеоға сайлау бюллетендерін жаппай тастау дерегі түсіп қалған – аталмыш жағдай Түркістанда тіркелген. Видеоға түсіп қалған тағы бір бұзушылық Алматы облысында тіркелген, ол жерде сайлау кабинеттерін өшіруге болатын қаламсаптармен жабдықтаған. Бұл жерде де бірнеше адам көптеген бюллтеньдерді урнаға салған. Одан басқа Қарағандыда сайлаушылардың тізімінде 1930 жылы туылған, қайтыс болғанына 13 жыл болған әйел адамның есімі жүр. Ал Нұр-Сұлтанда сайлау учаскелерінің бірінде сайлау комиссиясының мүшесінен бюллетендердің бір бумасы табылған, онда дауыс Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілген. .
Еске салсақ, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 7.00-де елімізде сайлау учаскелері ашылды. Қазақстандағы президент сайлауы сағат 20.00-ге дейін созылды. Одан бірнеше сағат бұрын Жапонияда, Оңтүстік Корея мен Шығыс Азиядағы бірнеше елде қазақстандықтардың дауыс беру процесі басталды. Республикада және шетелде жексенбі күні барлығы 9967 сайлау учаскесі жұмыс жасады. Экзит-полл қорытындысы да белгілі болды – сайлау учаскелерінің шыға берісінде жүргізілген сауалнамаға сәйкес Тоқаев жеңіске жеткен, ол 70,13% дауыс жинаған. Сондай-ақ, ОСК алдын-ала қорытындысы да жарияланды, соған сәйкес Тоқаев 70,76% дауыс жинаған.
19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді. Кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде, ал оларды тіркеу 6 мамырда аяқталды. 11 мамырда елде үгіт кампаниясы басталды.
#сайлау #қазақстан #алматы #президент #бұзушылық #қосанов #тоқаев #еқыұ #митинг #ұстау #полиция #қарсылық #қоршау #шәаж #оск #ортсайлаукомитеті #бару #бойкот
Алматы полициясы белгілі айтыскер Ринат Заитовтың ұсталуына түсінік берді
