Алматы полициясы коронавирус пен Кенталдың төрт жыл бұрынғы видеосын бір материалға енгізді

Алматы. 14 шілде. ҚазТАГ – Алматы полициясы коронавирус пен Кенталдың (Талғат Кенжебұлатовтың шығармашылық лақап аты) төрт жыл бұрынғы видеосын бір материалға енгізді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Алматы қаласы полиция департаменті (ПД) әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында полиция формасын киген ер адамның келесі мазмұндағы видеосын тапқан: «Бәріңе сәлем, достар! Кім күйзеліске душар болса, жүрегі ауырса, жұмыста, отбасында қиындықтар туындаған болса, біреуді несие қинаса. Уайымдамаңыз. Бәрібір бәріміз де өлеміз». Тексеру кезінде видео авторы әнші және актер Талғат Кенжеболатов (Кентал) екені анықталды», - делінген сейсенбіде таратылған ПД баспасөз парақшасында.
Департаментте мәлімдегендей, «әлеуметтік желіде жарияланған аталмыш пост полицияға қарсы халықтың наразылығы мен түсініспеушілігін тудырған». Баспасөз қызметінде мәлімдегендей, аталмыш іс бойынша, Алматы полициясы тексеру жұмыстарын бастаған.
«Бұл видеодағы полиция формасындағы ер адам іс жүзінде ішкі істер органдарының қызметкері емес. Т. Кенжеболатовтың іс-әрекетіне қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі. Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына және қайғылы оқиғаларға байланысты қалыптасқан жағдай аясында мұндай үндеулер, тіпті әзіл үшін болса да, әсіресе полиция формасын қолданғаны орынсыз», - деп мәлімдеді ПД.
Еске салсақ, 13 шілдеде Кентал қазақстандықтарға бейнемәлімдеме жасаған, онда оны заң тәртіптері сақталмастан полицияға жеткізіліп, ол жерде бес сағаттай ұсталғаны, қорғаушысы екеуін қорқытып, басқа да қысым жасалғаны айтылған. Оны полицияның ұстауына әртістің айтуынша, Кенталдың полиция формасымен түсірген видеосы себеп болған. Алматы полициясы 2020 жылдың 14 шілдесінде ресми түрде түсінік берген аталмыш видео YouTube сервисінде 2016 жылдың қыркүйегінде жарияланған екен, яғни адамзат SARS-CoV-2 коронавирусынан тараған COVID-19 инфекциясы туралы білгенге дейін біраз жыл бұрын.

adimage