Алматы полициясының департаменті қоғамдық көлік аялдамаларында бейнебақылау камераларын орнатуды ұсынды

Күні: 17:23, 22-05-2020.

Алматы. 22 мамыр. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматы полициясының департаменті қоғамдық көлік аялдамаларында бейнебақылау камераларын орнатуды ұсынды, деп хабарлады ПД бастығы Қанат Таймерденов.
«Қалада 2017 аялдама пункті бар, онда бейнебақылау камералары жоқ. 1771 қоғамдық көлік бар. Алайда маршруттық автобустардың салондарының барлығы толықтай бейнебақылаумен жабдықталмаған. Ұрлықтың алдын алу және азайту маұсатында полиция әкімдікпен бірлесіп, аялдамалар мен қоғамдық көлік салондарына бейнебақылау камераларын орнатуды көздеп отыр. Бұл бейнежазбаларды қарау арқылы қалта ұрыларын тез анықтауға мүмкіндік береді», - деді Таймерденов жұмадағы брифингте.
Бұл ретте атап өтілгендей, қалта ұрлығының 25% -ы қоғамдық көліктерде немесе аялдамаларда жасалады.


Жаңалықтармен бөлісу: