Алматы-Семей бағыты бойынша ұшулар 14 желтоқсанда қайта ашылады

Күні: 18:46, 04-12-2018.

Алматы. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Qazaq Air 2018 жылдың 14 желтоқсанынан бастап Алматы және Семей қалалары арасындағы ұшулар қайта ашылады, деп хабарлады Qazaq Air әуе компаниясының баспасөз қызметінен.
Ұшулар аптасына екі рет дүйсенбі және жұма күндері жүзеге асырылады.  
Хабарда түсіндірілгендей, аталмыш қалалар арасына ұшу 2017 жылдың көктемінде Семей қаласындағы әуежайдағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша тоқтатылған болатын.  
«Ағымдағы жылдың желтоқсанында жүргізілген аудит қорытындысы бойынша  Шығыс Қазақстан облысындағы ірі қалалардың біріндегі Qazaq Air өңірлік әуекомпаниясының рейсі қайта жандандырылады», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: