Алматы шекарасы шегірткеге қарсы күрес құралымен өңделетін болады

Күні: 13:16, 15-07-2019.

Алматы. 15 шілде. ҚазТАГ – Алматы шекарасы шегірткеге қарсы күрес құралымен өңделетн болады, деп хабарлады Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының баспасөз қызметінен.
«Жасыл-желекті қорғау бойынша профилактикалық шаралар аясында 2019 жылдың 13-18 шілдесі аралығында қаламен шекаралас Алматы облысының Іле, Қарасай және Талғар аудандарында шегіртке зиянкестерінен «тосқауылдық өңдеу» жүргізілетін болады. Дезинсекция жасыл-желекті зиянкестерден қорғауға және Алматы аумағына жәндіктердің таралуының алдын алуға бағытталған», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Басқармада нақтылағандай, жұмыстар түнгі мезгілде сағат 00.00-6.00 аралығында «қала аумағына шегірткелердің таралуына ықпал ететін орындарда (алаңқайда, сайларда, адамдар тұрмайтын бос учаскелерде)» жүргізілетін болады.
«Cонымен қатар, қолданылатын дәрілердің ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етілгенін, адамдар, жануарлар мен құстар үшін қауіпсіз екенін мәлімдейміз. Өңделген учаскелер жалаушалармен және тақтайшалармен белгіленеді. Қала қонақтары мен тұрғындарына арнайы тақтайшалар мен жалаушалар қойылған жерлерге бармауларын ескертеміз», - делінген хабарда


Жаңалықтармен бөлісу: