Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан айырбас қосындарында доллар бағамы қымбаттауын жалғастырды

Алматы. 9 қазан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні сейсенбідегі мәліметтерге қарағанда Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан айырбас қосындарында доллар бағамы қымбаттауын жалғастырды, деп хабарлады Kurs.kz.
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т388,8, сату - Т390,6 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т389,8, сату – Т390,8.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатыл алу бағамы Т390,1, ал сату - Т390,8.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т389,38 құрады.

adimage