Алматы, Шымкент және ҚР 156 елді мекеніне сел шығарындылары қаупі төніп тұр

Күні: 19:03, 17-07-2019.

Астана. 17 шілде. ҚазТАГ – Алматы, Шымкент және ҚР 156 елді мекеніне сел шығарындылары қаупі төніп тұр, делінген өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында.
«Республика аумағында Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарының 156 елді мекеніне, сондай-ақ, Алматы, Шымкент қалаларына сел шығарындыларының қаупі төніп тұр», - делінген құжатта.
Мембағдарлама әзірлеушілерінің айтуынша, республика бойынша сел қаупі төнетін 617 және 306 көшкін қаупі төнетін уческе анықталған, ал сел ағыстары мен көшкін ықпал етуі мүмкін аумаққа 10 мыңнан астам нысан мен 60 мыңнан астам тұрғын түсіп отыр.
«Сонымен қатар республика аумағында көшкін қаупі төнген 599 учаске бар, оның 200-ден астамы тікелей 200-ден астам түрлі нысандарға, 147 км автокөлік және 1 км теміржолға қауіп төндіруде (Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы, Алматы), сондай-ақ 4,9 мың тұрғынға (Алматы – 3000, Шығыс Қазақстан облысы – 964, Алматы облысы – 700, Түркістан облысы – 207, Жамбыл облысы – 4)», - делінген мембағдарламада.
Осыған байланысты халықты қорғауды қамтамасыз ету үшін, құжат авторларының айтуынша, үш көшкінге қарсы және алты селден қорғайтын құрылыстар салу қажет.
«Қазақстанның үштен бір бөлігі сейсмоқауіпті болып табылады, ол жерде 6 млн астам халық тұрып жатыр немесе 400-ден астам қалалар мен басқа да елді мекендер бар, оларда өнеркәсіптік әлеуеттің 40% шоғырланған (Алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының аумағы сейсмоқауіпті болып саналады)», - делінген құжатта.
Министрлер кабинетінің мембағдарламаны бекіту жөніндегі қаулы жобасы 26 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.


Жаңалықтармен бөлісу: