Алматы-Өскемен тас жолында автобустың аударылу дерегі бойынша тергеу басталды

Күні: 18:34, 25-09-2019.

Алматы. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Алматы-Өскемен тас жолында автобустың аударылу дерегі бойынша тергеу басталды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«ШҚО Аягөз ауданы Айғыржал стансасына жақын маңда орын алған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР ҚК 345 бабы 1 бөлімі (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тргеу амалдары басталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында ЖКО мән-жайы мен себептері анықталатын болады. Сараптама тағайындалды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Полицияда нақтылағандай, 25 қыркүйекте автобустың 1982 жылғы жүргізушісі көлік рөлін басқара алмай, жолдың шетіне шығып кетіп, жанына аударылған. Автобуста 25 адам болған.
«Жүргізушінің айтуынша, ЖКО-ның орын алуына сол жақтағы алдыңғы рөл тартқышының ақауы себеп болған», - деп атап өтті ШҚО ПД-нен.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы-Өскемен тас жолында автобустың аударылып, төрт адамның зардап шеккені туралы хабарланған еді. ЖКО 25 қыркүйекте шамамен 6.20-да болған. Жолаушылар арасында Моңголияның 14 азаматы болған.


Жаңалықтармен бөлісу: