Алматы-Өскемен тас жолында автобустың аударылуынан екі адам зардап шекті

Астана. 25 қыркүйек. ҚазТАГ - Алматы-Өскемен тас жолында автобустың аударылуынан екі адам зардап шекті, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұқрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Шығыс Қазақстан облысында 25 қыркүйекте сағат шамамен 06.20-да Алматы-Өскемен тас жолында (Аягөз ауданы Айғыржал ауылынан 812 ш., ол бөлікке «Қ-Жолқұрылысы» АҚ қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуде) жол-көлік оқиғасы орын алды. Алдын-ала ақпар бойынша м/н 812 LKB 05 автобусының жргізушісі ұйықтап кетіп, атвобус аударылған. Автобуста 2 жолаушы болған. ЖКО салдарынан екі адам зардап шекті», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Ведомство ақпарынша, көлік құралы 17 масымда тексеруден өткен, ол 17 желтоқсанға дейін жарамды.
«ЖКО орнында жол белгілері қойылған. «Қ-Жолқұрылысы» АҚ және Аягөз АІІБ арнайы бөлімінің өкілдері оқиға орнынан шығып кетті. Жағдайдың мән-жайы анықталуда», - делінген хабарда.

adimage