Астана. 14 қараша. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Әскери экадрилия Алматыдан Астанаға орын ауыстыратын болды, деп хабарлады Қазақстан ұланының тыл жөніндегі бас қолбасшысының орынбасары Жандос Омарқұлов.
«Әскери эскадрилия Алматыдан Астанаға орын ауыстырады. Олар үшін әуежай маңында кезекті әскери қалашық салынады, оған ақшалай қаражат бөлінді. Оның құрылысын 2017 жылы аяқтаймыз деп ойламйын», - деді Ж. Омарқұлов журналистерге жұма күні.
Оның айтуынша, эскадрилия Ан-74, Ан-26, Ан-30 ұшақтары мен тікұшақтардан тұрады.
«Қаражат 3 жылға бөлінген, Т4 млрд шамасында. Әуежай маңында келес жылы құрылысты бастаймыз», - деді ол.
Ж. Омарқұловтың айтуынша, эскадрилияның бірінші кезектегі міндеті – жеке әскери құрамды тасымалдау.
«Керек жерге арнайы жасақтарды, оның ішінде арнайы мақсаттағы жасақты, оперативтік әскери бөлімшелердің жауынгерлерін жеткізіп отыру», - деді ол.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда ұстаздар күні мерекесі 5 қазан күні болып ресми түрде бекітілді26 Қыркүйек 2023, 16:37
-
Ғабидолла Оспанқұлов Үкімет аппараты басшысының бірінші орынбасары болды26 Қыркүйек 2023, 16:13
-
Экс-министр Қыдырәлі Шакировтың орнына сенат депутаты болды26 Қыркүйек 2023, 15:54
-
Сейсенбі күні Қазақстанның 11 облысында дауылды ескерту жарияланды26 Қыркүйек 2023, 12:07
-
Үндістанның лоукостері Делиден Алматыға әуе рейстерін ашты26 Қыркүйек 2023, 11:39