Алматы. 1 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматы соты Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты бұлтартпас шарасы бойынша шешім шығарған жоқ, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен.
«Манзоровқа қатысты материал Алматының тергеу сотына түскен жоқ», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен.
Атап өтелік, заң бойынша ұсталған адамға қатысты бұлтартпас шарасы ұстаған сәттен бастап 72 сағат ішінде шығарылуы керек.
Еске салсақ, бұған дейін ғаламторда 26 қыркүйек күні сағат 4.55-те Манзоров ұсталып, сыбайлас жемқорылыққа қарсы іс-қимыл қызметі қызметкерлерінің оны Алматы ПД УҰИ-ге тоғытқаны туралы хабар тараған еді. Хабарда әкімнің орынбасарына ҚР ҚК 366 бабы 3 бөлімі (пара алу) бойынша айып тағылып жатқаны айтылған. ҚазТАГ ХАА редакциясы Алматы облысы әкімдігіне хабарласқан, ол жерде Манзоровтың ұсталғандығы туралы мәліметтің жоғын, өздерінің де жағдайды анықтау үшін құқыққорғау органдарына жүгінгендерін жеткізген.
26 қыркүйек күні кешкісін құқыққорғау органдарындағы дерек көзі ҚазТАГ тілшісіне Алматы облысы әкімінің орынбасарының ұсталғанын растады, ал 27 қыркүйекте Манзоровтың ұсталғандығы туралы ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ресми түрде растады. Оның ұсталғандығы туралы ресми ақпарға түсінік бере келе, Алматы облысының әкімдігі өңірде оның жұмысына ешқандай шағым жоғын жеткізді.
Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне 12 шілдеде тағайындалған. Оған дейін ол 2008-2017 жылдар аралығында Алматының Алатау ауданының әкімі болған.
Алматы соты әкім орынбасары Манзоровқа қатысты бұлтартпас шарасы бойынша шешім шығарған жоқ
