Алматы соты сотталған қытайтанушы Сыроежкинді азаматтығынан айырмайтын болды

Алматы. 29 қараша. ҚазТАГ – Алматы қалалық соты сотталған қытайтанушы Константин Сыроежкинді азаматтығынан айырмайтын болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Алматы қалалық сотының қылмыстық алқасы Константин Сыроежкинге қатысты шығарылған үкімді ішінара өзгертті, осылайша оны Қазақстан Республикасы азаматтығынан айыру, республика шекарысынан мәжбүрлеп шығару, елге келуге тыйым салу түріндегі қосымша жаза түрлері алынып тасталды. Бұл қосымша жазалар алынып тасталды. Мамандандырылған ауданаралық сотының қылмыстық істер жөніндегі үкімінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды», - делінген бейсенбіде ҚазТАГ ХАА тілшісіне соттың баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, 2019 жылғы 7 қазанда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотымен Сыроежкин Константин Львович, 1956 ж.т., ҚР ҚК 175-бабы 1-б. – «Мемлекетке опасыздық жасау» бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталды.
Сот, сондай-ақ, оны Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Жазаның негізгі бөлігін өтегеннен кейін Сыроежкин Қазақстан Республикасынан мәжбүрлі түрде шығарылады және бес жылға дейін ел аумағына кіруге тыйым салынады.
15 қазанда ҚазТАГ ХАА хабарлағандай, ТМД түрлі елдерінің саясаткерлер тобы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан, ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан, Ресей президенті Владимир Путиннен және ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннен Сыроежкинді босатуға ықпал етулерін сұраған.
Жалпыға қолжетімді биографияға сәйкес, Сыроежкин 2006 жылдан бері Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының негізгі ғылыми қызметкері болып табылады. Оның кітаптары арасында: «Казахи в Китае: очерки социально-экономического и культурного развития», «Современный Синьцзян и его место в казахстанско-китайских отношениях», «Казахстан-Китай: от приграничного сотрудничества к стратегическому партнерству», «Нужно ли Казахстану бояться Китая: мифы и фобии» бар.
5 мамырда белгілі болғандай, Сыроежкин ақпаннан бастап байланысқа шықпай қалған.
16 мамырда белгілі болғандай, белгілі қытайлық Константин Сыроежкин мемлекетке опасыздық жасау күдігі бойынша қамауға алынған.

adimage