Алматы стансасын айналып өтетін тж-желісінің құрылысына қазақстандық-қытайлық консорциумдар қатыса алады

Алматы. 6 мамыр. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Алматы стансасын айналып өтетін тж-желісінің құрылысына қазақстандық-қытайлық консорциумдар қатыса алады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр.
«Қашықтығы 73,2 км болатын Алматы стансасын айналып өтетін темір жол желісінің құрылысы» жобасы бойынша бүгінгі таңда конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысы шығарылды. Біліктілік іріктеуінен екі қазақстандық-қытайлық консорциум өтті», - деді Скляр дүйсенбідегі үкімет отырысында.
Ол атап өткендей, қазіргі таңда жеке әріптесті анықтау бойынша конкурстың екінші кезеңін өткізуге конкурстық құжаттама әзірлеу жүргізіліп жатыр.
«Шартқа қол қою ағымдағы жылдың қарашасына жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын жүргізу 2020-2022 жылдарға болжанған», - деп атап өтті министрлік басшысы.

adimage