Алматы түбінде құлаған Bek Air ұшағының екінші ұшқышының қаза болуының алдын-ала себебі аталды

Алматы. 29 қаңтар. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Алматы түбінде құлаған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы Миржан Молдақұловтың қаза болуының алдын-ала себебі аталды, деп хабарлады қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының МА Тілеухан Әбілдаев.
«Екінші ұшқыштың қазасының алдын-ала себебі - өкпе артериясының тромбоэмболиясы. Нақты себебін сот-медициналық сараптама мамандары анықтайды. Бұл әділет министрлігінің құзырында», - деді сәрсенбіде Әбілдаев.
28 қаңтарда хабарлағандай, Алматы түбінде құлаған Bek Air әуекомпаниясының Fokker-100 жолаушылар лайнерінің екінші ұшқышы Миржан Молдақұлов 21 қаңтарда аурухандан шыққанын, ол кезде жағдайының тұрақты болғанын, ал 28 қаңтар күні үйінде қайтыс болғанын хабарлады.
Fokker-100 екінші ұшқышы Молдақұлов осы типтес әуе кемесімен жалпы 11 мың сағаттан астам уақыт ұшқан екен, ал екінші ұшқыш ретінде 5 мыңан астам сағат ұшқан. Мамыр айында ол 55 жасқа толар еді.
Еске салсақ, 27 желтоқсанда 07.22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air әуекомпаниясының №Z2100 рейсі ұшу барысында биіктіктен жоғалып, бетон қоршауды бұзып, екі қабатты нысанға соққан. Bek Air ұшағының артқы бөлігі екі рет ұшу жолағына тиген. Жалпы барлығы бортта 93 жолаушы, оның үшеуі - нәресте және 5 экипаж мүшесі болған. Әуеапатынан 12 адам мерт болды, оның ішінде Informburo.kz интернет-порталының журналисі Дана Круглова мен Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы Рустем Қайдаров бар. Сонымен қатар сол кезде әуе кемесінің командирі Марат Мұратбаев та мерт болған еді. Әуеапатынан кейін басталған тексерулер нәтижесінде Bek Air әуекомпаниясымен қатар, Алматы әуежайы маңындағы аумақтағы жер қатынастары саласында да бірқатар бұзушылықтар табылған.

adimage