Астана. 20 маусым. ҚазТАГ – Алматы түбінде Ақжар ауылында 2027 әскери бөлімдегі жоспарлы жаттығу барысында гранатаның жарылуынан екі әскери қызметкер зардап шекті, деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекара қызметінің (ШҚ) баспасөз қызметінен.
«19 маусымда 2027 әскери бөлімде әскери граната лақтыру бойынша жоспарлы жаттығу өткізу барысында (…) жас сарбаздың бірі қолындағы шығыршығын суырып қойған гранатасын аяғының астына түсіріп алған. Осыны байқап үлгерген (лақтырылған граната 3-4 секунд аралығында жарылады) Смицких (2027 әскери бөлімі командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары, ҚР ҰҚК ШҚ офицері Сергей Смицких – ҚазТАГ) гранатаны іліп алып, қауіпсіз жерге лақтырып жіберген. Ал өзі сарбазды жерге құлатып, бүкіл денесімен оны жаба, үстіне құлаған. Қауіпсіз жерде жарылған гранатаның жарықшақтарынан екі әскери қызметкер де түрлі жарақат алған», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Ведомствода хабарлағандай, әскери қызметкерлерге кезекші дәрігер алғашқы медициналық көмек көрсеткен, ары қарай олар ҰҚК әскери госпиталына жеткізілген.
«Жағдайлары қанағаттанарлық, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ», - деді ҚР ҰҚК ШҚ-нен.
Шекара қызметінде нақтылағандай, Смицких граната лақтыру учаскесінде жетекші болып тағайындалған және жас сарбаздарды окоптан граната лақтыруға жеке өзі үйретіп жатқан.
«Мұндай жаттығулар үнемі өткізіледі, және олар муляж емес, шынайы әскери гранаталар қолданылады», - деп атап өтті ҚР ҰҚК ШҚ-нен.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08