Алматы тауларында профилактикалық қар көшкіні жүргізілді

Күні: 18:49, 29-04-2019.

Алматы. 29 сәуір. ҚазТАГ – Алматы тауларында профилактикалық қар көшкіні жүргізілді, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.
«Қазгидромет» РМК ұсынысы негізінде 29 сәуірде «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты аумағында (Талғар өткелі) демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Кіші Алматы өзенінің бассейнінде жару жұмыстары арқылы профилактикалық көшкін жүргізілді. 2 жырылыстың нәтижесінде 2 мың текше метр көлемінде қар көшкіні түсіріліп, көшкін жүру қаупі толықтай жойылды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, профилактикалық көшкін жүргізуге Алматы ТЖД, «Қазселденқорғау» ММ, «Қазгидромет» РМК, Медициналық апаттар орталығы, «Нартас» ЖШС және ҚР ІІМ ТЖК республикалық жедел-құтқару жасағының, «Шымбұлақ» ТШК құтқарушылары қатысты
Еске салсақ, 26 сәуірде хабарланғандай, 27 сәуір - 2 мамыр аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар көшкінінің жүру қаупі сақталуда.


Жаңалықтармен бөлісу: