Алматы тауында Горельник пен Шымбұлақ арасында жасырын турбаза салынып жатыр – экобелсенді

Алматы. 2 шілде. ҚазТАГ – Алматы тауында Герельник пен Шымбұлақ арасында жасырын турбаза салынып жатыр, деп мәлімдеді қоғамдық белсенді Салтанат Ташимова.
«Медеудің жоғары жағынан тағы бір аттракцион жетпей тұр еді! Ал ол болса салынып жатыр! Жасырын. Міне туристік базаны да сала бастады, ол да жасырын (Герельник пен Шымбұлақ арасында). «Сіздер сол ковидтеріңізбен алыса беріңіздер, ал біз осы сәтті пайдаланып, салатынымызды салып алайық!!!» -деп жазды Ташимова бейсенбі күні Facebook парақшасында.
Сонымен қатар экобелсенді сол жерден видео түсірген, ол видеода қалалықтарды таудағы құрылысқа қарсы шығуға шақырған.
«Қайдағы бір аттракционды салып жатыр. Не үшін? Бізге бұл жерде ешқандай аттракцион керек емес. Тек табиғатты құртып жатыр. Сонша жерді қазып тастады, жердің құнарлы қабатын бүлдірді. Бұған қарсылық танытайық», - деді Ташимова.

adimage