Алматы ТЖД сейсмикалық белсенді аумақтардағы ғимараттарды тексеріп жатыр

Күні: 10:28, 14-11-2014.

Астана. 14 қараша. ҚазТАГ – Алматыда жұма күні болған жер сілкінісінен соң сейсмикалық белсенді аумақтарда орналасқан ғимарттарға тексеру жүргізіле бастады, деп хабарлады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен.
«Штаб құрылды. Алматы ТЖ департаменті әкімшілкпен бірге сейсмикалық белсенді аумақтардағы ғимараттар мен құрылғыларды зерттеп, тексеруден өткізуді бастады», - делінген ведомство жұма күні таратқан хабарда.  
Бұл ретте қала тұрғындарының өміріне қауіп жоқ екендігі айтылады.
ТЖ комитеті еске салғандай, Қазақстан сейсмологтары 14 қарашада  07.24 сағатта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматының оңтүстігінде 130 км жерде, Қырғызстан аумағында орын алды. Магнитудасы 6 балл болды. Алматыда жер сілкінісінің қуаты 3-4 балл болды.


Жаңалықтармен бөлісу: