Алматы әуежайы 1 сәуірден бастап барлық тұрақты жолаушылар рейсін уақытша тоқтатады

Алматы. 31 наурыз. ҚазТАГ- Алматы әуежайы 1 сәуірден бастап барлық тұрақты жолаушылар рейсін уақытша тоқтатады, деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметінен.
«Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабұловтың қаулысына сәйкес 1 сәуір сағат 00.00-ден бастап Алматы халықаралық әуежайынан барлық тұрақты жолаушылар рейсі уақытша тоқтатылады, соның ішінде эвакуциялықтары да. Аталмыш шара COVID-19 коронавирустық инфекциясының Алматы халқы арасында одан ары таралуын болдырмау және оған жол бермеуге бағытталған. 1 сәуірден бастап Алматыға, басқа да ҚР қалаларының халықаралық әуежайларына жоспарланған халықаралық жолаушылар әуерейстерінің бағыттарын қайта бағыттау бойынша шаралар қабылданатын боалды», - делінген хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 325 жағдайы тіркеліп, 21-і жазылып, бір адам көз жұмған еді.

adimage