Алматы әуежайында Түркия азаматы ұсталды

Күні: 19:21, 11-02-2019.

Алматы. 11 ақпан. ҚазТАГ – Алматы әуежайында Түркия азаматы ұсталды, деп хабарлады қаланың шекаралық бақылау жасағының (ШБЖ) баспасөз қызметінен.
«10 ақпанда Ыстамбұл-Алматы бағытындағы РС-100 рейсін рәсімдеу кезінде Алматы халықаралық әуежайының шекарашылары төлқұжат бақылауына туған ағасының құжатын ұсынған Түркия Республикасының азаматын ұстады.  Мемлекеттік шекараны бұзуға, оның айтуынша, Түркия Республикасында әскери қызметін өтеуден қашу болса керек», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Сондай-ақ, хабарланғандай, ағымдағы ай ішінде шекара сақшылары төлқұжат бақылауына Франция Республикасы азаматының жалған құжатын ұсынған Ирак азаматын, сондай-ақ, жалған құжатпен өтпек болған Ауғанстан азаматын ұстаған.
«Заң бұзушылар Алматы өткізу бекеті арқылы Еуропа одағының елдеріне өтіп кетпек болған. Олар шекарадан өткізілген жоқ. Аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Алматы ШБЖ-нен.


Жаңалықтармен бөлісу: