Алматы Жетісу ауданының әкімі тағайындалды

Күні: 16:20, 29-07-2019.

Алматы. 29 шілде. ҚазТАГ – Алматының Жетісу ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
«Алматы қаласы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және қала мәслихатының келісімі бойынша Мақсат Қиқымов Жетісу ауданының әкімі болып тағайындалды», - делінген дүсенбідегі хабарда.
Қиқымов 2018 – 2019 жылдары – Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы;, 2017 - 2018 жылдары – Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасының басшысы, 2015- 2017 жылдары – Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы, Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы қызметтерін атқарған.


Жаңалықтармен бөлісу: