Алматыда 15 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтінім берді – әкімдік

Алматы. 28 мамыр. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Алматыда 15 мыңға жуық адам ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға (ҰБТ) өтінім берді, деп хабарлады қаланың білім сапасын қамту бойынша департамент басшысы Гүлнара Ермекбаева.
«Алматы қаласы бойынша 11 класты 9299 түлек бітірді, оның 545-ы «Алтын белгіге» үміткер. (…) (ҰБТ-ға қатысуға – ҚазТАГ) 14 972 өтінім түсті, оның 9047 – сі жалпы білім беретін мектеп түлектерінен, 5925-і арнайы орта білім беру орындарынан түскен», - деді Ермекбаева бейсенбідегі брифингте.
Оның айтуынша, биыл ҰБТ-ға онлайн режимінде тіркелу жүрді.
«Ол 20 маусым – 5 шілде аралығында әдеттегі қағаз форматында өтеді», - деді Ермекбаева.

adimage