Алматыда 15 жасар жасөспірімнің жаттығу кезінде көз жұму дерегі тексерілуде

Алматы. 7 қараша. ҚазТАГ - Алматыда 15 жасар жасөспірімнің жаттығу кезінде көз жұму дерегі тексерілуде, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазіргі таңда 15 жасар жасөспірімнің мезгілінен бұрын (жаттығу кезінде - ҚазТАГ) көз жұму дерегін Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеруде. Өлім себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деп хабарлады бейсенбі күні Алматы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
Бұған дейін әлеуметтік желіде аналардың бірі – дәрігер Жібек Жолдасова жақында «ұлының командадағы достарымен бірге сұмдық жағдайдың куәсі болғанын» жазған еді.
«Олардың көз алдында құрдастары жан тапсырды. Барлығы жаттығу кезінде болған. Ұлымның айтуынша, ол күні соншалықты ауыр жүктеме болмаған, күнделікті сергіту, сосын балалар жәй ойнап жүрген. Бір кезде марқұм болған бала жүрек тұсын ұстап, жерге құлап, қайтыс болып кете барған. Екі жедел-жәрдем бригадасы келген, алайда олар құтқара алмаған. Жасөспірімдердің жасы небәрі 13-15-те және олардың денсуалық жағдайы туралы анқтаманы да бірінші жаттығуда-ақ талап етеді. Барлық баланың ондай анықтамасы бар, біз тіпті ұлымыздың жүрек УДЗ түсірдік. (…) Кешкісін жаттықтырушының өтініші бойынша барлығын полицияға түсініктеме беруге шақырды», - деді дәрігер.
Өз кезегінде Алматының қоғамдық денсаулық басқармасы баспасөз қызметінен «баланың жедел-жәрдем көлігі келгенге дейін қайтыс болғанын» айтты.
«Жедел-жәрдем уақытында келген», - деді денсаулық басқармасынан.

adimage