Алматыда 2 мың ш.м. аспайтын СОО хабарламасыз ашыла алады – әкімдік

Күні: 18:38, 22-05-2020.

Алматы. 22 мамыр. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. Алматыда 2 мың шаршы метрден аспайтын сауда-ойын-сауық орталықтары (СОО), сауда орталықтары (СО) және сауда үйлері (СҮ) хабарламасыз ашыла алады, деп хабарлады қаланың кәсіпкерлік палатасының директоры Нариман Әбілшаиқов.
«СОО, СО және СҮ бойынша айтайын дегенім, егер сіздердің нысандарыңыз 2 мың шаршы метрден аспайтын болса, сіздер хабарламасыз ашыла аласыздар», - деді жұмадағы брифингте Әбілшаиқова.
Сондай-ақ, ол еске салғандай, 2 мың шаршы метрден асатын нысандар «міндетті түрде аудит арқылы ашылады».


Жаңалықтармен бөлісу: