Алматыда 2019 жылғы Қазақстан Журналстер одағы сыйлығының лауреаттарын марапаттады

Күні: 10:47, 26-06-2019.

Алматы. 26 маусым. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда 2019 жылғы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Жыл сайын біздің байқауға қатысушылар саны да артуда. Биыл байқауға 500 материал келіп түсті. Сондықтан әділ-қазылар мүшесі үшін үлкен жүк болды, бірақ олар барлық материалды асқан жауапкершілікпен қарап шықты», - деді Қазақстан Журналистер одағының жауапты хатшысы Баян Рамазанова сәрсенбідегі марапаттау рәсімінде.
Бұл ретте ол байқаудың барлық материалдарының Facebook-тегі Журналистер одағының парақшасында орналасқанын айтты.
Өз кезегінде Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы Сейтқазы Матаев биыл «Ақ Жайық» газетінің негізін салушы және бас редакторы Әбділдә Мұқашев ат. сыйлықтың алғаш рет тапсырылғалы отырғанын атап өтті.
«Биыл біз «Ақ Жайық» газетінің негізін салушы, бас редакторы Әбділдә Мұқашев ат. Журналистер одағының сыйлығын алғаш рет тапсырғалы отырмыз. Және бұл ретте аталмыш сыйлыққа «Уральская неделя» газетінің бас редакторы Лұқпан Ахмедьяров лайық деген ортақ пікірге келдік», - деді ол.
Сондай-ақ, Матаев биыл Қазақстан Журналистер одағына 60 жыл болғанын тілге тиек етті.
Сонымен қатар Қазақстан Журналистер одағының құрмет грамотасы баспасөзге қолдау білдіргені және журналистермен жақсы қарым-қатынаста болғаны үшін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметіне тапсырылды.
Сонымен, «Репортерлік жұмыс» – Қазақстандағы қоғамдық-саяси оқиғаларды шұғыл таратқаны үшін Inforburo.kz ақпараттық-талдамалы порталының тілшісі Евгений Бодров;«Саяси шолу» – «Қария мен теңіз» деректі фильміндегі Арал теңізі қайта қалпына келеді деген үмітпен белсенді авторлық ұстанымын білдіргені үшін «Азаттық» (Радио Свобода/Свободная Европа) радиосының журналисі Асылхан Мамашұлы; «Экономикалық шолу» – Батыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларына өзекті талдау жүргізгені үшін «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілшісі Гүлаим Шынтемірқызы;
«Ізденіс материалы» – азаматтық қоғамның дамуы туралы мақалалар топтамасы үшін «Ақ Жайық» өңірлік қоғамдық-саяси басылымының тілшісі Фархат Әбілов; «Телевизиялық жұмыс» – өңірдің туристік әлеуеті туралы «Туған өлкеге кішкентай саяхат» телесюфжеттер сериясына шығармашылық тұрғысынан қарағаны үшін «Алау» телерадиокомпаниясының журналисі Татьяна Мороз; «Журналистік зерттеу» – Қазақстандағы резонансты қылмыстардың ашылуы туралы талдамалы материалдар топтамасы үшін «Спутник-Казахстан» ақпараттық агенттігінің тілшісі Александр Мироглов; «Зерттеу жұмысы» – Алаш-Орда қозғалысының қалыптасу мәселесін өзекті зерттегені үшін «Қазақ үні» газеті бас редакторының орынбасары Зейнолла Абажан; «Ғылыми-танымалдық жұмыс» - Шығыс Қазақстанның экологиялық қауіпсіздік тақырыбында мақалалар топтамасын жариялағаны үшін «Курсив» іскери жаңалықтар апталығының тілшісі Ирина Осипова; «Фотожұмыс» – замандастары туралы фотосюжет дайындаудағы көркем шеберлігі үшін «Костанайские новости» облыстық газетінің фототілшісі Константин Вишниченко; «Интернет-жоба» – өзекті әлеуметтік проблемаларға көзқарас тұрғысынан диалогтық алаң құрғаны үшін Vlast.kz интернет-журналының бас директоры Вячеслав Абрамов.
Сонымен қатар, Қазақстан Журналистер одағы мен «Ақ Жайық» газеті редакциясының Әбділдә Мұқашев ат. ортақ сыйлығына «Уральская неделя» газетінің бас редакторы Лұқпан Ахмедьяров ие болды.
Бұдан басқа, Қазақстан журналистер одағының фотожурналисі Рахымбай Ханалы ат. арнайы сыйлыққа Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің фототілшісі Құрманғалиев Думан ие болды.
Шығармашылық одақ негізінің құрылғанына 60 жыл толуына орай Қазақстанның құрметті журналисі атағына Жаксылык Айжанов (Ақтөбе облысы), Тәжи Ақымов (Атырау облысы), Жұмат Әнесов (Қостанай облысы), Орынбек Жолдыбай (Астана), Зауре Жұмалиева (Солтүстік Қазақстан облысы), Жомарт Игіман (Алматы облысы), Айтқали Нарықов (Батыс Қазақстан облысы), Ғани Карин (Маңғыстау облысы), Серік Кәрім (Павлодар облысы), Құдайберды Маженов (Астана), Асқанкүл Майлыбаев (Шымкент), Қаирғали Медет (Түркістан облысы), Қалымбек Мұхамеджанов (Ақмола облысы), Көсемәлі Саттiбайұлы (Жамбыл облысы), Айтбай Сәулебек (Қарағанды облысы), Уәлихан Тоқпатаев (Шығыс Қазақстан облысы), Болат Өмiрәлиев (Қызылорда облысы), Амандық Рахұлы (Қарағанды облысы), Матлюба Шоалиева (Алматы) ие болды.


Жаңалықтармен бөлісу: