Алматы. 2 шілде. ҚазТАГ – Алматыда 2019 жылдың басынан бері Т5 млн жуық жалған купюролар анықталған, деп хабарлады қаланың экономикалық тергеу департаментінің (ЭТД) баспасөз қызметінен.
«Жыл басынан бері департамент атына 4,7 млн жалған теңге түскен», - делінген жұмада таратылған хабарда.
ЭТД атап өткендей, «соңғы кездері Алматы қаласында жалған ақша купюроларын тарату жағдайы жиілеп кеткен».
«Ұлттық валютадағы ақша белгілерінің арасында бірдей нөмірлік серияны пайдалану арқылы көбіне Т5 мың және Т10 мың номиналды банкноттардың жалған түрлері жасалады екен. Сонымен Алматы ЭТД екінші деңгейлі банктерден көбіне АА3048964, АА0048181, АА0048484 сериялары бар Т10 мың мен ВВ5547994 сериясы бар Т5 мың түскен. (…) Қазіргі таңда департамент қызметкерлері аталмыш ақша купюроларын дайындау және тарату көздерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр», - деді департаменттен.
Еске салсақ, 31 шілдеде Қазақстан Ұлттық Банкі 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік қолдан жасалған банкноттардың анықталу жағдайларының жиілеп кеткені жайында хабарлайды. Қолдан жасалған банкноттардың сериялық нөмірі - ВВ 5547994, бірақ басқа нөмірлер де болуы мүмкін. Қолдан жасалған банкноттар қорғалған қағазда компьютерлік техника пайдаланыла отырып жасалған, банкноттың бүкіл бетінде геометриялық фигуралар түріндегі сутамғы белгілері бар. Сонымен бірге оларда мифтік «Самұрық» құсы түріндегі сутамғы белгінің имитациясы бар.
Алматыда 2019 жылдың басынан бері Т5 млн жуық жалған купюролар анықталған
