Алматы. 27 ақпан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Алматыда 2020 жылы қызылшамен ауырудың 66 жағдайы тіркелді, деп хабарлады қаланың тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен (ТҚСҚБД).
«2020 жылдың басынан бері Алматыда қызылшамен ауырудың 66 жағдайы тіркелген, соның ішінде 52 жағдай – екпе алмаған балалар арасында және 14-і екпе алғандығы туралы мәліметі жоқ ересектер арасында. Қызылша кезінде эпидемиялық шек жоқ, себебі аталмыш инфекцияны екпемен басқаруға болады», - делінген бейсенбіде агенттіктің ресми сауалына ТҚСҚБД берген жауабында.
Ведомствода атап өткендей, былтырғы қаңтардың бірінші тоқсанымен салыстырғанда Алматыда қызылшамен ауыру 10 жағдайға көбейген.
«Ауырғандардың негізгі бөлігі екпе алмаған балалар, сонымен қатар жасы бойынша қызылшаға қарсы профилактикалық екпе алу жасына жетпегендер. Қызылшамен ауырудың артуы 2019 жылдың қарашасы мен желтоқсан айлары арасында байқалған. Бүгінгі таңда ауру деңгейі тұрақтандырылды», - деп атап өтті департаменттен.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34
-
Экс-министр Асхат Оралов президент әкімшілігінің меминспекторы болды28 Наурыз 2024, 16:03
-
Си Цзиньпин Қазақстанға шілдеде келеді деп күтілуде28 Наурыз 2024, 15:58
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26