Алматы. 26 ақпан. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Nur.kz бұрынғы тілшісі Манас Бістаев ұлтаралық алауыздық тудырды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлады Алматы қалалық сотының ресми өкілі Дияс Махамбетов.
«ҚР ҚК 174 б. 1б. (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша Манас Бістаевқа қатысты Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2 айға қамауға алу түрінде бұлтартпас шарасын санкциялады», - деді Д. Махамбетов дүйсенбіде.
Бұған дейін қаладағы полиция департаменті хабарлағандай, аз.Б.-ға қатысты сотқа дейін тергеу жүргізілуде, ол әлеуметтік желі арқылы жүйелі түрде қоғамда ұлтаралық алауыздық тудыратын өз монологтарының видеосын жариялап отырған. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Алматыда 25 ақпанда Nur.kz бұрынғы тілшісі ұлтаралық алауыздық тудырған деген күдікпен қамауға алынды
