Алматыда адам өліміне әкеліп соққан ЖКО-ға жол берген Gelandewagen жүргізушісіне қатысты сот басталды

Күні: 18:04, 12-02-2019.

Алматы. 12 ақпан. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Алмалы аудандық сотында адам өліміне әкеліп соққан ЖКО-ға жол берген Gelandewagen жүргізушісі Ілияс Қарға қатысты сот басталды.
«Сотқа ҚР ҚК 345 б. 4б (абайсызда үш адамның өліміне алып келген жол жүру ережесін бұзу), 347 б (ЖКО орнын тастап кету) бойынша берліген Ілияс Қарға қатысты іс қаралып жатыр», - деді сейсенбіде төрағалық етуші судья Роман Селицкий.
Айта кету керек, зал екі жақтың туыстарына толы.
Сауалнама толтыру барысында белгііл болған, сотталушы І:Қар үйленген, ұлты қазақ, 3 кәмелетке толмаған баласы бар, білімі орта, ұсталған кезде «Қазақ өнімдері» ЖШС директорының көмекшісі болған, бұрын сотталмаған.
Еске салсақ, 2018 жылдың 29 желтоқсанында Абай даңғылы мен Сейфулин даңғылының қиылысында Mercedes Benz G55 көлігін тізгіндеген І.Кар жол жүру ережесін бұза отырып, Mitsubishi Galant көлігімен соқтығысып, оқиға орнынан жасырынған. ЖКО салдарынан Mitsubishi көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы мерт болды, бір жолаушысы түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
29 қаңтарда хабарланғандай, Алматының Алмалы ауданы прокуратурасы І.Карға қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілген. Оған абайсызда үш адамның өліміне алып келген жол жүру қағидасын бұзу және ЖКО орнын тастап кету (ҚР ҚК 345 б. 4б., 347 б.) айыптаары тағылуда. Қылмыстық іс бойынша процестік прокурор тағайындалып, толық және объективті тексеру қамтамасыз етілген.
2 ақпанда белгілі болғандай, адам өліміне алып келген ЖКО алдында Mercedes Benz Gelandewagen жүргізушісі І. Кардың ішімдік ішкені белгілі болды.


Жаңалықтармен бөлісу: