Алматыда адам өліміне әкеліп соққан ЖКО-ға жол берген Gelandewagen жүргізушісіне қатысты сот отырысының мерзімі белгілі болды

Алматы. 6 ақпан. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Алматыда адам өліміне әкеліп соққан ЖКО-ға жол берген Gelandewagen жүргізушісі Ілияс Карға қатысты сот отырысының мерзімі белгілі болды, ЖКО салдарынан 3 адам мерт болған.
«Бүгін (І. Кардың ісін – КазТАГ) өндіріске қабылдадым, 12 ақпанға басты сот отырысы белгіленді», - деді Алмалы аудандық сотының судьясы Роман Селицкий сәрсенбі күні.
Сондай-ақ, ол атап өткендей, процесс ашық режимде өтетін болады.
Еске салсақ, 2018 жылдың 29 желтоқсанында Абай даңғылы мен Сейфулин даңғылының қиылысында Mercedes Benz G55 көлігін тізгіндеген І.Кар жол жүру ережесін бұза отырып, Mitsubishi Galant көлігімен соқтығысып, оқиға орнынан жасырынған. ЖКО салдарынан Mitsubishi көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы мерт болды, бір жолаушысы түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
29 қаңтарда хабарланғандай, Алматының Алмалы ауданы прокуратурасы І.Карға қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілген. Оған абайсызда үш адамның өліміне алып келген жол жүру қағидасын бұзу және ЖКО орнын тастап кету (ҚР ҚК 345 б. 4б., 347 б.) айыптаары тағылуда. Қылмыстық іс бойынша процестік прокурор тағайындалып, толық және объективті тексеру қамтамасыз етілген.
2 ақпанда белгілі болғандай, адам өліміне алып келген ЖКО алдында Mercedes Benz Gelandewagen жүргізушісі І. Кардың ішімдік ішкені белгілі болды.


adimage