Алматыда адам өліміне әкеліп соққан ЖКО орнын тастап кеткен күдікті ұсталды

Күні: 12:44, 04-12-2019.

Алматы. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Алматыда адам өліміне әкеліп соққан ЖКО орнын тастап кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлады қаладағы полиция департаменті баспасөз қызметінен.
«Аталмыш ЖКО бүгін Алматының Түрксіб ауданында 3.00 шамасында болған. Белгісіз жүргізуші белгісіз көлікпен 1976 жылы туған әйелді қаққан, өкінішке орай ол оқиға орнында ажал құшқан. ЖКО орнын қарау кезінде көлік құралының бөліктері табылып, тәркіленді, мамандар оларды Mercedes-Benz көлігінікі болуы мүмкін дейді. Іздестіру бөлімінің қызметкерлері ертеңгісінге дейін көлік пен оның жүргізушісін анықтады. Көлік Байсерке ауылындағы саяжай алабынан табылды, шанағында ЖКО-ға тән белгілері бар. Жүргізушісі 1987 жылы туған У. деген азамат ұсталды», - деп хабарлады Алматы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығының орынбасары Ерік Насырбеков.
Ол нақтылағандай, адам өліміне әкеліп соққан ЖКО дерегі бойынша, ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлімі және 347 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Жаңалықтармен бөлісу: