Алматыда адамдарды ұстау басталды

Алматы. 12 маусым. ҚазТАГ – Владимир Радионов/Мәдина Әлімханова/Динара Халдарова. Алматыда адамдарды ұстау басталды.
«ҚазТАГ» ХАА тілшісі хабарлағандай, Абай-Байтұрсыновта адамдарды ұстау басталды. Ұсталғандарды полиция көліктеріне сүйреп әкетуде. Ұсталғандардың кейбірі «Уақыты келгенде қазақтың көктемі де туады!», «Не болып жатқанын қараңыздар! Ертең бұл кез-келгеніңізбен болуы мүмкін!» деп айқайлауда. Әзірге ұсталғандардың саны жетеуден аз емес.
Тағы басқа тілшіміз Ескі алаңда да ұстау басталғанын хабарлады. Төле би мен Абылай ханда әзірге 20 шақты адам ұсталған. Ұсталған жігіттердің бірі журналистерге жәй қасынан өтіп бара жатқанын айтуда.
Ескі алаң ауданында полицейлердің көп саны байқалуда (шамамен жүз шақты), автобустар жүр, жедел-жәрдем көлігі мен эвакуаторлар кезекшілік етуде. Төле биде кептеліс пайда болды, жүргізушілер әлсін-әлсін белгі беруде. Полиция белгі берген машналарды белгілеп алуда.
Біздің тілшілеріміз атап өткендей, адамдары ұстау тыныш өтуде. Негізінен жастарды ұстауда.
Атап өтелік, әлеуметтік желіде Алматыны блокадалауға шақырған хабарлама тараған. Әлеуметік желі арқылы тараған хабарламада халықты сағат 18.00-де Абай-Байтұрсыновқа жиналуға шақырған, негізгі жиналатын орындары ретінде Ескі алаңды атаған (Төле би-Абылай хан), шеру өтетін бағыт: Абай даңғылы, Абылай хан даңғылы, Ескі алаң. Сонымен қатар шеруге шығатындардан Қазақстан туын алып шығуларын, өз талаптарын айтуға шақырған, мақсаттары ретінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың режимін ауыстыруын көрсеткен.
Бұған дейін хабарланғандай, «Бәйтерек» ауданында полицейлердің көптеп жиналуы байқалуда. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда «Жастар» жастар сарайы төртінші тәулік қоршауда тұр.
Еске салсақ, 9 маусымда Қазақстанда Нұр-Сұлтан мен Алматыда сайлау учаскелеріндегі көптеген бұзушылықтар мен митингке шыққандарды жаппай ұстау фонында президент сайлауы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңімпаз деп танылып, оны ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтті.
Алматы мен Нұр-Сұлтанда митингтер мен митингке шыққандарды ұстау 8-10 маусымда жалғасты. Елорда мен Алматы алаңынан осы күндер ішінде 700-ге жуық адамды алып кеткен.

#сайлау #қазақстан #алматы #президент #бұзушылық #қосанов #тоқаев #еқыұ #митинг #ұстау #полиция #қарсылық #қоршау #шәаж #оск #ортсайлаукомитеті #бару #бойкот


adimage