Алматы. 7 қыркүйек. ҚазТАГ – Алматыда алаңы 160 ш.м. болатын цех өртенді, деп хабарлады қаланың ТЖД ресми өкілі Сандугаш Баймұхамбетова.
«7 қыркүйек, сағат 15.42, Алматы ТЖД «101» пультіне Жетісу ауданы Қазыбаев к., 24 үй мекенжайы бойынша орналасқан цехтың өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өрт алаңы 160 ш.м. құрады», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, алғашқы өрт сөндірушілер шақыртылған орынға 5 мимнуттан кйеін, 15.47-де келіп жеткен. Өрт сөндірушілер келген кезде бір қабатты қойма өртеніп жатқан. Өрттің жақын маңда орналасқан үйлерге тарап кету қаупі төнді. Өрт сөндірушілер қабылдаған шаралар арқасында тұрғын үйге өрттің таралуының алды алынды және 9 қойма құтқарылды.
«Өрт жарты сағат ішінде 16.14-те ауыздықталып, 16.34-те сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», - деді ТЖД-ден.
Алматыда алаңы 160 ш,м, болатын цех өртенді
