Алматыда алдағы күндері бірден бірнеше ірі көше бөліктері ішінара жабылады

Алматы. 5 шілде. ҚазТАГ – Алматыда алдағы күндері бірден бірнеше ірі көше бөліктері ішінара жабылады, деп хабарлады «Алматы жолдары».
«Жол-жөндеу жұмыстарына байланысты Торайғыров көшесінде Навои көшесінен Мұстафин көшесіне дейін 5 шілде сағат 22.00 – 6 шілде сағат 8.00 дейін жабық болады», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Абылай хан даңғылы бойынша Шевченко көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін 5 шілде сағат 22.00 – 6 шілде сағат 6.00 дейін жабық болады.
«Жол-жөндеу жұмыстарына байланысты Абылай хан даңғылында Қабанбай батыр көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін 8 шілде 22.00 – 9 шілде 6.00 дейін жол жабық болады. сонымен қатар, Гоголь, Наурызбай батыр көшелерінде, Абылай хан даңғылында жол-жөндеу жұмысатры жүргізіледі, және осы бөліктер ішінара жабылатын болады», - делінген хабарда.

adimage