Алматыда Алмалы ауданындағы бірқатар ғимараттар жылудан ажыратылады

Алматы. 13 қараша. ҚазТАГ - Алматыда Алмалы ауданындағы бірқатар ғимараттар жылудан ажыратылады, деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметінен.
«Сағат 13.00 - 20.00 аралығында 13 қарашада Алматыда Алмалы ауданы Төле би – Гайдар – Розыбакиев – Райымбек көшелерінің қиылысында орналасқан ғимараттарда жылу энергиясын беру уақытша тоқтайды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, «жылу беруді уақытша тоқтату «Алматы жылу желілері» ЖШС мамандарының жылу желілерін тексеру барысында құбырдан ақау табылуына байланысты болып отыр. Сондықтан апаттың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстар жүргізіледі».

adimage