Алматыда аналардың ізіне түсу туралы баспасөз мәслихатында журналистерге шабуыл жасалды, полиция әрекетсіз

Күні: 18:15, 22-07-2019.

Астана. 22 шілде. ҚазТАГ – Алматыда аналардың ізіне түсу туралы баспасөз мәслихатында журналистерге шабуыл жасалды, полиция әрекетсіз, деп хабарлады ҚазТАГ ХАА тілшісі.
«Белгісіз әйелдер бір журналистің телефонын тартып алды, операторларға да дым түсіртпеді. «Алматы» телеарнасы мен «Азаттық радиосы» журналистерінің камералары сынды. Біздің аппаратурамыз да осы адамдарда. Полиция келді, бірақ олар ештеме істемей жатыр», - деп хабарлады ҚазТАГ ХАА дүйсенбіде.
БАҚ қызметкерлері «Мемлекет аналармен және балалармен күресіп жатыр» тақырыбындағы баспасөз мәслихатынан хабар таратпақ болған.
«2019 жылдың 4 шілдесінде Алматының тергеу соты ҚДТ-ға (тыйым салынған «Қазақстан демократиялық таңдауы» - ҚазТАГ) қатыстылығы бойынша айыпталып жатқан Жазира Демеуова, Гүлзипа Жаукерова мен Оксана Шевчукті үй қамағында ұстау түріндегі бұлтартпас шарасын екі айға қамауға алуға өзгертті. Қолдарында кішкентай нәрестелері бар (соның ішінде емшектегі және ерекше қажеттілігі бар) барлық әйелге «тінту» нәтижелері негізінде болмаған митингке белсенді түрде дайындалған деген айып тағылған. Оксана Шевчуктың қорғаушысы қорғалушысының үйінде тінтудің қалай жүргізілгенін, сондай-ақ аудандық сот шешімімен экстремистік болып танылған ұйымға шын мәніндегі қатысытылығы бар-жоғы туралы ақпармен бөлісті», - делінген жақында журналистердің қолына тиген шараның аңдатпасында.
Баспасөз мәслихатында Оксана Шевчуктың қорғаушысы Ғалым Нұрпеисов пен Оксананың төрт баласын тәрбиелеуге алған оның анасы сөйлеу керек болатын.
Еске салсақ, 1 мамырда өткен Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы бейбіт митинг нәтижесінде 80-ге жуық адам ұсталған еді.
Қарсылық акциялары басқа да қалаларда өтті. Көшеге шыққан азаматтар сайлауға бойкот жариялап, елорданың атауын өзгертуге және АЭС құрылысына қарсылық білдіріп, Алматыда ұсталған белсенділер Әсия Төлесова мен Толымбековке қолдау білдірген. Олар 21 сәуірде Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековтың Алматы марафонында «От правды не убежишь», #УМЕНЯЕСТЬВЫБОР, #ADILSAILAYUSHIN жазуы бар плакаттарды ұстап шыққаны үшін 15 тәулікке қамалған еді.
1 мамырда қарсылық акциялары еліміздің басқа да ірі қалаларында өтті. Полиция митингтерді санкцияланбаған деп атап, митингке шыққан азаматтардың әрекетіне заң тұрғысында баға беруге уәде берді.
Көп балалы аналардың азаматтық акцияларға қатысуы Астанада 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында бөлек орналасқан уақытша жайдан өрт шыққаннан кейін жиілеп кеткен. Өртті сөндіру барысында бес баланың мәйіті табылған: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туылған. Құтқарушылар нақтылағандай, ата-аналар ол кезде жұмыста болған. Көптеген қазақстандықтың пікірінше, егер елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай түнгі ауысымдағы жұмысқа бару үшін балаларын қараусыз қалдыруға тура келмейтіндей жағдай жасаса ғана қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде азаматтардың жұмысқа орналастыру және жалақыларын көтеру туралы жаппай талап қоюы, сондай-ақ ірі қалалардағы, соның ішінде Астана мен Алматыдағы көп балалы аналардың митинг өткізуі халықтың көңілі толмаушылықтың нәтижесі болып отыр.
Бірінші мамырдағы митинг ісі бойынша Алматының тергеу соты 1 маусым күні кешкісін екі жалғызбасты әйел Жазира Демеуова мен Гүлзипа Жаукероваға қатысты бұлтартпас шарасын таңдады. Сот тыйым салынған ұйым әрекетіне қатысуы мүмкін күдіктілерді екі айға үй қамағына алу туралы үкім шығарды. Сонымен қатар үй қамағына көп балалы ана Оксана Шевчук те алынды. Оның төрт баласы бар, кішкентайы сегіз айлық. 4 шілдеде белгілі болғандай, олардың барлығына қатысты қабылданған «үй қамағына алу» шарасы «қамауға алуға» ауыстырылған.


Жаңалықтармен бөлісу: