Алматыда автобус жүргізушілері үшін демалыс орындары салынады

Алматы. 8 желтоқсан. ҚазТАГ - Алматыда автобус жүргізушілері үшін демалыс орындары салынады, деп хабарлады қала әкімі Ерболат Досаев.
«Келесі жылы біз алғаш рет қоғамдық көлік жүргізушілері үшін 10 автостанция саламыз. Олар әрине, толық автостанция болмайды, дегенмен шәй, кофе ішіп демалатындай жүргізушілерге жағдай жасаймыз. Жобасы дайындалуда, биыл жергілікті бюджеттен қаржы қарастырып қойдық. Егер мәслихат қолдаса онда 2023 жылы жүргізушілер үшін алғашқы 10 демалыс орны салынады», - деді Досаев бейсенбі күні Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуде.
Бұл ретте ол мәлімдегендей, жыл сайын осыған ұқсас 10 автостанциядан салу көзделуде, осылайша болашақта қаланың барлық аумағына салынатын болады.

adimage