Алматыда автобус жүргізушісі қыз баланы қағып кетті, ол ауруханаға жеткізілді

Алматы. 14 наурыз. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Алматыда автобус жүргізушісі қыз баланы қағып кетті, ол ауруханаға жеткізілді.
«14 наурызда шамамен 12.30-да жаяу жүргіншіні қағып кетті. №70 маршруттың жүргізушісі Розыбакиева көшесімен солтүстікке қарай жүріп келе жатқан. Абай көшесімен бұрылыста жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қыз бала бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатқан. Жүргізуші байқамай қалған», - деп хабарлады бейсенбіде «Алматыэлектротранс».
Оқиға орнына жедел-жәрдем бригадасы шақыртылды, олар зардап шегушіні ауруханаға жеткізді.
Бұл ретте денсаулық сақтау басқармасында қыз баланың жағдайы «орташа ауыр» деп бағалануда.
«Қыз бала ауруханаға жабық бас-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, омыртқа жотасының мойын тұсының сынығы, иығының сынығы диагнозымен жеткізілген. Жағдайы орташа ауыр», - деп хабарлады басқармадан.

adimage