Алматыда азқамтылған отбасы балалары балабақшаларға тегін баратын болады

Алматы. 20 ақпан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Алматыда азқамтылған отбасы балалары балабақшаларға тегін баратын болады, деді қала әкімі Бауыржан Байбек
«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында аз қамтылған отбасылар үшін екінші баладан бастап балабақшаларға тегін баратын болады», - деді Б.Байбек сәрсенбіде халықпен есепті кездесу барысында.
Бұл ретте ол атап өткендей, бұл былтырмен салыстырғанда мемтапсырысты Т1,8 млрд. арттыру есебінен мүмкін болды.
«Бәрімізге белгілі ата-аналар балабақшалардағы балалардың тамақтануына ғана 18 мың теңге төлейді, қалған 27 мың теңгесін мемлекет субсидиялайды. Тек былтыр ғана мемлекет тапсырысы бойынша балабақшалардағы 51 мың орынға 16 млрд. теңге бөлінді. Биыл бұл сома 1,8 млрд. көп», - деп атап өтті Б. Байбек.
Қала әкімі келтірген ақпар бойынша, бүгінде азқамтылған отбасылардан шыққан 14 мың бала мектептерде ыстық тамақ ішеді, 3475 бала – мектеп формасын, 2333 бала- қаржылай көмек, 4050 бала жазғы демалыс лагерлеріне жолдама алды.

adimage