Алматы. 17 мамыр. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Алматыда азқамтылған отбасылардағы 4 мыңнан астам бала жазда қала сыртындағы лагерлерде дамалады, деп мәлім етті Алматы білім басқармасының рухани-адамгершілік тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің басшысы Нұргүл Тау.
«Алматыда азқамтылған отбасынан шыққан 4150 бала жазда қала сыртындағы лагерлерде демала алады. Бұл мақсатқа бюджеттен Т232,4 млн бөлінген», - деді Тау жұма күнгі баспасөз мәслихатында.
Өз кезегінде «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» директоры Андрей Дупик балаларды қала сыртындағы лагерлерге тіркеу bilimalmaty.kz порталында электронды түрде жүргізілетінін жеткізді.
«Бүгін порталда біз тіркелуді аштық. Алғашқы болып тіркелгендер олардың материалдық жағдайы расталған жағдайда лагерлерде демалу мүмкіндігіне ие болады», - деді Дупик.
Бұл ретте ол нақтылағандай, электронды түрде тіркелген жағдайда растайтын құжаттарының сканер көшірмесі беріледі.
Білім басқармасының ақпарынша, қала сыртындағы лагерлерде демалу құқығына ие болатын балалар топтарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатындар; АӘК алмайтын, бірақ орташа жан басылық кірісі ең төменгі күнкөріс шегінен төмен отбасылардың балалары; ТЖ салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасы балалары кіреді.
«Айталық, егер сен АӘК алушысың, онда ол туралы анықтама ұсыну жеткілікті. Егер олар АӘК алмайтын болса, ата-анасы мектепке келіп, орташа жанбасылық табысы туралы есепті және кәсіпкерлік қызметінің бар/жоғы туралы анықтаманы ұсынады», - деді Алматы білім басқармасының орта білім бөлімінің бас маманы Тахиржан Салимжанов.
Жоспарланып отырғандай, қала сыртындағы лагердің бірінші маусымы 1 маусымда басталады. Ауысым ұзақтығы – 10 күн.
Алматыда азқамтылған отбасылардағы 4 мыңнан астам бала жазда қала сыртындағы лагерлерде дамалады
