Алматыда аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар мен студенттерге шәкіртақы төленеді

Алматы. 20 ақпан. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Алматыда аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар мен студенттерге шәкіртақы төленеді, деп мәлім етті қала әкімі Бауыржан Байбек.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында аз қамтылған отбасынан шыққан оқу үздіктеріне шәкіртақы төленетін болады. Университет пен колледж студенттеріне айына Т10 мыңнан, оқушыларға Т 5 мыңнан. Айта кетелік, биылғы оқу жылында ел бойынша бөлінген гранттың 40%-ы немесе 27 мыңы Алматыға бұйырды. Білесіздер, грантқа оқитындардың барлығы стиендия алады, ал біз аз қамтылған отбасынан шыққан үздік студенттер туралы айтып жатырмыз, тіпті олар ақылы негізде оқитын болса да. Әлбетте, бұл отбасы үшін қосымша кіріс», - деді Б.Байбек сәрсенбіде халықпен есепті кездесу барысында.
Қала басшысының айтуынша, жаңалық оқушылардың білімге құштарлығын ынталандыратын болады.

adimage