Алматы. 27 мамыр. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. Алматыда қаза болған полицейлердің отбасыларына екі пәтер бөлуге уәде берді.
«Мен қаза болған полицейлердің отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Біз де сырт қалмадық. Қазір кәсіпкерлеріміздің қолдауымен қаза тапқан полицейлердің отбасыларына екі пәтер бөлініп жатыр», - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев сәрсенбідегі брифингте.
Сондай-ақ, оның айтуынша, «туыстарына барлық мәселе бойынша» жан-жақты қаржылық қолдау көрсетілетін болады.
Еске салсақ, бұған дейін екі полиция қызметкері қайтыс болған, үшіншісі ауыр жарақат алған Алматыдағы блокбекеттердің бірінде болған жол апатына құқыққорғау органдарында бұрын қызметте болған Азат Азаматов кінәлі болуы мүмкін деген нұсқа пайда болған еді. Полиция автомобиліне соққан BMW көлігінің рөлінде мас күйде сол адамның отырғаны хабарланған еді. Дегенмен Алматы ПД аталмыш нұсқаны растамады. Кейін адам өліміне әкеліп соққан ЖКО-ға кінәлі болуы мүмкін күдіктінің полиция формасындағы суреті де жарыққа шықты, алайда Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек «бұл форманы «Военторгте» сатып алып, екінің бірі кие алады», деп мәлімдеді. Алайда кейін Азаматовтың полицияда жұмыс жасағандағы туралы жаңа деректер пайда болды.
26 мамырда Алматы ПД Азаматовтың алты жыл полицияда жұмыс жасап, төрт рет тәртіптік жаза алып, «өз міндетіне немқұрайлы қарағаны үшін» қызметінен қуылғанын растады.
Іс ҚР ҚК 99 бабы 2 бөлімі бойынша қасақана адам өлтіру дерегі бойынша тексерілуде.
Сонымен қатар, анықталғандай, Азаматов бұған дейін де полицей болған кезінде ЖКО туралы іс бойынша сотты болған.
26 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда блокбекетте қайтыс болған полицейлерді «Айбын» орденімен наградтады.
27 мамырда полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек пен ПД тағы сегіз басшысына блокбекеттегі ЖКО-дан кейін жаза тағайындалғаны белгілі болды.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34