Алматыда қазақстандық белсенді Серікжан Біләшті қолдап пикет өткізілуде

Алматы. 12 шілде. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда қазақстандық белсенді Серікжан Біләшті қолдап пикет өткізілуде, деп хабарлады агенттік тілшісі.
10 шақты белсенді – 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасына қатысушылар - Алматыда Желтоқсан мен Сәтпаев көшелеріің қиылысындағы «Желтоқсан» ескерткішіне жиналып, Қытайдағы этникалық қазақтардың құқықығын қорғайтын «Атажұрт еріктілері» ұйымының лидерін тез арада босатуды талап етуде. Ол үй қамағында отырған еді. Пикетке шығушылар Біләшқа қатысты ізіне түсу амалдарын тоқтатуды талап етуде.
«Серікжанның ізіне түсу – барлық қазақтың ізіне түсу», - деп жазылған пикет қатысушысының қолындағы плакатта.
Сонымен қатар, пикетке қатысушылар Еуропалық парламент саяси сотталғандар деп таныған Арон Атабекті, Макс Боқаевты және басқа да белгілі қазақстандықтарды да еске салған.
Таңқаларлығы, оқиға орнында бірде-бір полицей жоқ, ал пикет бейбіт және тыныш түрде өтіп жатыр.
Біләш 10 наурызда Алматы қонақүйлерінің бірінде ұсталды және қазір үй қамағында отыр. Тергеу «Атажұрт еріктілері» қозғалысының лидеріне «әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған әдейі әрекеттерді жасау» айыбы тағылуда. Саяси-белсенді Синьцзяндағы этникалық қазақтарға қатысты қытайлық билікті сынға алуымен таныс. Ал «Атажұрт еріктілері» ұйымының өзі әлі күнге дейін мемлекеттік тіркеу ала алмай жатыр.

adimage