Алматыда азаматтардың борыштық жүктемесін азайту бағдарламасына қатысушылардың қарызы Т45,4 млрд

Күні: 18:22, 25-09-2019.

Aлматы. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Азаматтардың борыштық жүктемесін азайту бағдарламасына қатысушы алматылықтардың қарызы Т45,4 млрд құраған, деп мәлімдеді Ұлттық банктің Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары Гүлнар Шеметова.
«11 қыркүйекте 116 мың алматылықтың борышы Т45,4 млрд. құраған. Оның Т18,4 млрд. жабылған. Яғни аталмыш бағдарлама бойынша бұл азаматтардың қарызының шамамен 30%-ы жабылған», - деді Шеметова Алматы әкімдігінде сәрсенбі күні азаматтардың борыштық жүктемелерін төмендету жөніндегі брифингте.
Оның айтуынша, Қазақстан бойынша борышкерлер саны 618,5 мыңды құрайды, оның ішінде мембағдарламаға шамамен 250 мың адам кірген, олардың қарызы - Т250,9 млрд. құраған, ал жабылған сома Т105,2 млрд. құраған.
Өмірдің қиын жағдайына тап болған және өздеріне алған кредиттік міндеттемелерін орындай алмайтын азаматтар санатына көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айырылғандар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жетім балалар кіреді.
Әрбір борышкердің банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы Т300 мың көлемінде негізгі қаыздары мен оған қосылған сыйақы бір рет өтеледі.
Борыш және шағын кредит бойынша қарыздарын мемлекет есебінен жабу мүмкіндігін электрондық санды қолтаңба болған жағдайда электронды үкімет порталынан нақтылауға болады.
Еске салайық, 26 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыздық жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес көп балалы отбасыларға, мүгедектер мен жетімдерге кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша берешекті өтеуді тапсырды.


Жаңалықтармен бөлісу: