Алматыда ҚазТАГ-тағы жарияланымнан кейін Бәйішев көшесінің тұрғындарына су құбырын жөндейтін болды

Алматы. 7 тамыз. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматының Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов ҚазТАГ ХАА жарияланымынан кейін Бәйішев көшесі тұрғындарына екі аптада су құбырын жөндеп беруге уәде берді.
«Жобада ақша қарастырылмаған. Жоба жасаймын дегенше бір жыл өтеді, мердігер табылғанша тағы бір жыл кетеді. Ал оны тез, шұғыл түрде шешу үшін біз келдік, мердігерден осының барлығын екі аптада шешуін өтіндік. Бұлар да адамдар ғой, бұл деген азап қой. Біз тапсырыс берушіні шақырдық – «Алматы Су» холдингі – бас мердігерді, шешім таптық: 350 метр – олар өз есептерінен құбырлар төсейді және екі апта ішінде мәселе шешіледі. Тұрғындарға қай жерде құбыр болатынын, қай жерлер қосылатыны туралы барлығы түсіндірілді. Барлығының көңілінен шықты, бәрі келісті», - деді Қиқымов сәрсенбі күні ҚазТАГ ХАА тілшісіне.
Өз кезегінде «Алматы Су» МҚК «Шығыс» су құбыры желісін пайдалану бойынша басқарма бастығы Алексей Дудкин жұмыстар құнының Т9 млн болатынын атап өтті.
Тұрғындардың су құбырларын ауыстыру кезіндегі сапаға қатысты шағымдарына жауап берген ол егер техбақылау жұмыстардың сапасыз жасалғанын анықтайтын болса, онда мердігерге қатысты шартты бұзуға дейін шаралар қолданылатын болады деді.
«Бізде техқадағалау бар, олар алдыңғы күні осында болды, кеше болды, мүмкін бүгін де болатын шығар, олар барлығына толығымен жетекшілік етеді, барлығы үшін жауап береді, сәйкесінше, мердігерден сапалы жұмысты талап етеді. Мердігер – «Көлсай» ЖШС. Жер қазылып, акт жасалып жатыр. Бұл мердігерге берілетін болады. Шартқа сәйкес, қандай шаралар қолданылатыны көрсетілген. Егер ол жосықсыз мердігер болып табылса, онымен барлық қарым-қатынас тоқтатылады», - деп түсіндірді Дудкин.
Сонымен қатар, әкім Қиқымов Жетісу ауданының тұрғындарына қандай да бір проблема туралы Instagram желісіндегі жеке парақшасына жазуды ұсынды.
«Менің Instagram желісінде жеке парақшам бар, маған күніне 120 хабарлама түседі –қай жерде қоқыстың жиналмағаны, қай жерде ағаштарды кесу керектігі туралы. Біз арнайы жедел топ құрдық, біздің мердігерлер сол жерлердің барлығына барып, кемшіліктерді жойып жатыр. Біз қай жерде қандай проблема барын кешенді түрде түсінгіміз келеді», - деп мәлімдеді ол.
Еске салсақ, 5 тамызда Бәйішев көшесіндегі 100-ге жуық адам тұратын 14 үйдің тұрғыны олар тұратын көше бөлігінің коммуналдық қызмет балансында жоқ екеніне, соның салдарынан су құбырын жөндету және ауыстыруға қол жеткізе алмай келе жатқандарына, көшені жарықтандыру және асфальт төсеуді өз қаржысы есебінен жүзеге асырғандарын айтып, шағымданған еді. Бұл ретте Бәйішев көшесінің бір бөлігінде қазіргі таңда су құбыры ауыстырылып жатыр. Алайда тұрғындардың айтуынша, жұмыстар сапасыз жасалуда: құбырлардың түйіскен жерлері біріктірілмеген, траншеяларға топырақ үйілмеген, тұрмыстық қалдық төгілген, құдықтар нашар қоршалған, ал үйілген балшықты олар өз қолдарымен тазалаған.


adimage