Алматыда азық-түлік сатып алуға Т5 млрд бөлінді

Алматы. 6 сәуір. ҚазТАГ – Алматыда азық-түлік сатып алуға Т5 млрд бөлінді, деп хабарлады Алматының кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.
«Сатып алуға бөлінген Т5 млрд сомаға 19 әлеуметтік маңызды азық-түліктің 18 түрін сатып алуға келісім жасалды», - деді Оразалин дүйсенбідегі брифингте.
Оның айтуынша, сатып алынатын көлем үш-бес айға жетеді және алматылықтардың толық қажеттілігін қамтиды.
«Сонымен қатар, сол сатып алудың есебінен гипермаркеттердің ірі желілері арқылы біз жалпы базардағы бағаның өсуін ұстап тұратын боламыз. Сіздер әңгіменің не турасында екенін түсіну үшін, Magnum гипермаркетінде картоптың бағасы Т110/1кг тұрады, ал базарда оның бағасы 200 теңгеге дейін жетеді. Бұдан басқа лимон мен зімбір бағасы да өсіп кетті, себебі оларға деген сұраныс жоғары болып тұр», - деді Оразалин.

adimage