Алматыда Қазыбек би көшесі бойындағы жол жүрісі 1,5 айға шектеледі

Алматы. 8 ақпан. ҚазТАГ – Алматыда Қазыбек би көшесі бойындағы жол жүрісі 1,5 айға шектеледі, деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметінен.
«13 ақпан 25 сәуір аралығында Алматыда Қазыбек би көшесі бойымен Мұқанов көшесінен Масанчи көшесіне дейінгі жол қозғалысы уақытша шектеледі. Уақытша қолайсыздықтар жол бойындағы магистральды жылу желісін жоспарлы жөндеумен байланысты. Жолаушылар Қазыбек би көшесін Төле би мен Әйтеке би көшелері арқылы айналып өте алады», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда түсіндірілгендей, қаладағы апатты жағдайлардың алдын алу мақсатында инженерлік желілерді жөндеу кезінде тозығы жеткен құбырлар алынып, орнына заманауи құбырлар қойылады.
«Сонымен қатар, жүргізілетін жұмыстар тұтынушылардың жылумен қамтылуына әсер етпейді», - делінген хабарда.

adimage