Алматыда балабақшада балаларды ұру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Күні: 11:09, 04-05-2019.

Алматы. 4 мамыр. ҚазТАГ – Алматыда балабақшада балаларды ұру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлады қаланың полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Бұл қылмысты Алатау ауданы полиция басқармасы тексеріп жатыр. Полицияға өтінішті балалардың бірінің анасы өткен түнде жазған. Аталмыш дерек ҚР ҚК 140 бабы 2 бөлімі бойынша (кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндетін орындамау) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қылмыстық жауапкершілікке осы балабақшаның 35 жасар тәрбиешісі тартылған», - делінген сенбіде таратылған хабарда.
Полицейлердің айтуынша, жақын арада іс материалдары сотқа жолданады.
Балаларды ұрып жатқан видео жақында әлеуметтік желілерде тараған. Видео кадрларында тәрбиешінің балаларды беттерінен ұрғаны көрінеді. Видео түсініктемесінде аталмыш жағдайдың Алматыда орын алғаны айтылады.


Жаңалықтармен бөлісу: