Алматыда балабақшадағы орын тапшылығы 14 мыңды құрайды

Алматы. 17 мамыр. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Алматыда балабақшадағы орын тапшылығы 14 мыңды құрайды, деп хабарлады білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және білім беру басшысы Әлия Сагиева.
«Туғаннан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту Алматыда 83% құрайды, бүгінде балаларды балабақшамен қамту 14 мың орынды құрайды», - деді Сагиева жұма күні баспасөз-мәслихатында.
Сондай-ақ ол хабарлағандай, бүгінде балабақша кезегінде 90 мың бала тұр.
«Бізде кезектен тыс деген топ бар – бұған әскери қызметкерлердің, арнайы қызмет, ҰҚҚ балалары (кезекке тұрғанда олар бірден бірінші орынға шығады) бар және бірінші болып кезеккке тұратындар, оған көп балалы отбасылардың балалары (4 және одан көп баласы барлар), мүгедек ата-аналардың балалары, жетім балалар мен ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар (олар кезекке тұрған әр үш адамнан кейін тұрады)», - деді Сагиева.
Сонымен қатар, ол еске салғандай, қазір Алматыда баланы нақты бір балабақшаға тіркеу деген жоқ, Алматы бойынша кезек бірыңғай, ата-ана  балабақшаны өзі таңдай алады. Балабақшадағы бос орындар туралы ақпарат bilimalmaty.kz порталында апта сайын жаңартылып отырады.
Алматыда білім басқармасының ақпарынша 851 балабақша бар, оның 184-і мемлекеттік. Жыл басынан бері 4 жаңа балабақша ашылды, тағы 5-уін жаңа оқу жылының басында ашу жоспарлануда.

adimage